Су тасқыны кезеңі басталғалы Астанада 130 мың текше метр су тартылып алынды

Фотография - Су тасқыны кезеңі басталғалы Астанада 130 мың текше метр су тартылып алынды

Астанада су тасқыны жағдайына дайындық ерте басталды

124 0

Су тасқыны кезеңі басталысымен қала тұрғындарынан ерінді суды тартып алу бойынша барлығы 1000 астам өтінім келіп түскен, барлық өтінімдер мерзімінде орындалып 129 630 м3 ернді су тартылып алынған. 3 млн. 255 мың. 904 м3 қар шығарылды. Қазіргі кезде елордада су тасқыны жағдайы қалыпты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада су тасқыны жағдайына дайындық ерте басталды. Қала аумағында көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындық бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірлнді. Су тасқыны жағдайының алдын-алуға бағытталған негізгі іс-шаралардың бірі – қала аумағындағы қарды тазалау болып табылады. Осыған байланысты екі ауысыммен түнгі уақытта қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сегіз эвакуациялық пункт дайындалып, 30 шақырым су өткізгіш және 326 шақырым арық пен жауын-кәріс желілері тазартылды.

Қала аумағында адам көп шоғырланатын 266 нысан бойынша қар тазалау жұмыстары уақытылы аяқталды.

Суды тартып алу мен қарды тазалаудан басқа 309 адамнан және төтенше жағдайды жоюға арналған күштер мен құралдардан тұратын топ құрылды. Сонымен қатар, су тасқыны жағдайында халықты жедел құлақтандыру үшін қалалық құлақтандыру жүйесі дайындалды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!