Ақтөбеде 1 247 балаға мүлде екпе салынбаған

Фотография - Ақтөбеде 1 247 балаға мүлде екпе салынбаған

Ақтөбе облысында 2 132 бала екпе жасатпағандардың тізімінде тұр.

1276 0

Ақтөбе облысында 2 132 бала екпе жасатпағандардың тізімінде тұр. Олардың 1 247-і мүлде екпе алмаған. Әсіресе, Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Байғанин, Темір аудандарында ата-аналар балаларына вакцина жасатудан бас тартып жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Екпе жасатпағандардың қатары жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы 1800 балаға екпе салынбаған болса, бір жылда 300 баланың ата-анасы вакцинадан бас тартқан. Біз оларды міндеттей алмай отырмыз. Себебі, заң бойынша ата-ана бас тарта алады. Себептері әртүрлі. Көбі діни көзқарасты желеу етеді. Бірақ, түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Тіпті, "Нұр Ғасыр" орталық мешітіне кіреберісте екпе жасатудың маңыздылығы туралы ақпарат ілулі тұр",- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Екпе жасатпаған балалардың алды қазір 7 жасқа толды. Олардың арасында балабақша, мектепке баратын балалар да бар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бұл – медицина қызметкерлерінің емес, қоғамның басты проблемасы.

"Нормативтік-құқықтық талаптар қажет. Бір ата-ана, бір баланың емес, қоғам мәселесі. Бала балабақшаға, мектепке барады. Адамдармен араласады. Қауіп төндіреді деп балабақшаға, мектепке жібермеу керек, ол үшін заң қажет. Осы жөнінде ұсыныс беріліп жатыр",- деді Ә.Қалиев.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!