Бас мүфти дін қызметкерлерін аттестациялау жұмысына қатысты

Фотография - Бас мүфти дін қызметкерлерін аттестациялау жұмысына қатысты

фото: muftyat.kz

Сараптау комиссиясының жұмысына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты.

504 0

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Алматы қаласының дін қызметкерлері имамдар форумында қабылданған төрт құжат бойынша аттестациядан өтуде. Сараптау комиссиясының жұмысына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы игі шара барысында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының имамдардың білімін арттыруға аса мән беріп отырғанын айтты.

"Ислам діні – ғылым-білім діні. Ислам діні пайда болғалы мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Діни басқарма осы бағытта елімізде діни білім беруді дамытудың тұжырымдамасын қабылдағанын жақсы білесіздер. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру жүйесін қалыптастыру көзделген. Аттестациялау жұмысының мақсатыда дін қызметкерлерінің діни білім деңгейін анықтай отырып, сауатын жетілдіруге жағдай жасау, мүмкіндіктер туғызу", – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Дін қызметкерлерін аттестациялау кезең-кезеңмен өтуде. Бірінші кезекте Алматы қаласының аудан мешіттерінің бас имамдарын аттестациядан өткізеді. Екінші кезекте қала мешіттерінің наиб имамдары, азаншылар мен іс басқарушылары аттестацияланады.

Фото - фото: muftyat.kzФото - фото: muftyat.kzФото - фото: muftyat.kzФото - фото: muftyat.kzФото - фото: muftyat.kz

Қала имамдары "Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы", "Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі", "Имамның тұлғалық келбеті", "Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерінің этикасы» төңірегінде сынақ тапсыруда. Билет бойынша келетін сұрақтарға дін қызметкерлері ауызша және жазбаша жауап береді. Сараптау дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігіне жан-жақты және әділ баға беру, сондай-ақ имамдардың білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында өткізіліп отыр.

Сараптаудан қала бойынша 150 дін қызметкерлері сынақтан өтеді. Емтихан екі күнге жалғасады. Сараптау комиссиясының жұмысына Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ дін істері бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!