Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды

Фотография - Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды

Қалалық іріктеуден өткен әлеуметтік жобалар республикалық көрмеге қатысады

96 0

Астанада Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды. Елордалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Конкурсқа халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, басқа да мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Конкурсқа халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталған кемінде 1 жылдан астам уақыттан бері іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар жіберіледі.

Қалалық іріктеуден өткен әлеуметтік жобалар республикалық көрмеге қатысады.

Конкурсқа қатысу шарттарымен Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында немесе 21-22-61, 21-62-17 телефондары арқылы танысуға болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!