Астанада 700 астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады

Фотография - Астанада 700 астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады

Аталған қызметтерді алуға үміткерлер көп балалы, толық емес отбасылар, құрамында мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасылар болып табылады

320 0

Бүгінгі таңда 742 елорда тұрғынына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Мемлекеттік бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген және тұрғылықты тұратын орташа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (күн көріс деңгейінің 40%) азаматтарға тағайындалады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аталған қызметтерді алуға үміткерлер көп балалы, толық емес отбасылар, құрамында мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасылар болып табылады. 2015 жылы 1000-нан астам аз қамтылған азамат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші тоқсанына бір рет Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласады.

Адамға атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді. 2016 жылдың 2 тоқсанында кедейлік шегі 9157 теңгені құрайды.

Айта кетейік, 2018 жылдан бастап жәрдемақының үш түрі біріктіріледі: атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға арналған мемлекеттік көмек, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және жаңа форматта ұсынылатын болады. Жаңа атаулы көмек екі түр бойынша жіктеледі - шартты және шартсыз.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 % төмен орташа жан басын шаққандағы табысы бар еңбекке қабілетті азаматтарға отбасының барлық еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағдарламаларында міндетті түрде қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады.

Шартсыз көмекті отбасы құрамында еңбекке қабілеттілігі жоқ мүшелері немесе объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатыса алмайтын еңбекке қабілетті азаматтардың отбасылары алады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!