Ұлттық ұлан толығымен аттестациядан өтуде

Фотография - Ұлттық ұлан толығымен аттестациядан өтуде

Аталған аттестациялық тексеріске барлық әскери қызметшілер толығымен қатысты

270 0

04-06 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы басқармасының офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, сонымен қатар өңірлік қолбасшылыққа бағынышты әскери бөлімдер командирлерінің орынбасарлары толығымен аттестацияға тартылды, деп хабарлайды "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметінен Айдос Байшағыров.

Аттестацияның алғашқы күні әскери қызметшілер Әскери Доктрина, Конституция, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, Қорғанысы және Қарулы Күштердегі әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңдар жүйесінің негізін құрайтын тестілеуден өтті.

Екінші күні олар денешынықтыру дайындығы бойынша № 17 – күштік кешенді жаттығудан, № 35 – жылдамдыққа жүгіруден және № 36 – 1 шақырым қашықтыққа жүгіруден нормативтер тапсырды, сонымен қатар аттестацияның соңғы күні әскери қызметшілер атыс дайындығы бойынша № 4 – бақылау-ату жаттығуының нормативтерін орындады.

Аталған аттестациялық тексеріске барлық әскери қызметшілер толығымен қатысты. Олар жоғарыда аталған сынақтарды тапсырудан бөлек, аттестацияға қатысу үшін алдымен психологиялық тестілеуден өткенін де ескертіп өтейік.

Бұндай аттестациялық тексерістер Ұлттық ұлан қатарында қызмет ететін әрбір офицерлер мен келісімшарт әскери қызметшілерінің кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттерімен қоса, олардың білімдері мен біліктіліктерін, дене даярлығы мен басқа да іскери қабілеттерін, сонымен қатар олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін тексеру мақсатында 3 жылда бір рет өткізіліп тұрады, делінген таратылған хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!