Бас мүфти Маңғыстау облысына іс-сапармен барды

Фотография - Бас мүфти Маңғыстау облысына іс-сапармен барды

Облыс басшысы Алик Айдарбаевтың қабылдауында болып, елдегі діни ахуал жайында әңгімелесті.

193 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Маңғыстау облысына іс-сапармен келді. Алдымен облыс басшысы Алик Айдарбаевтың қабылдауында болып, елдегі діни ахуал жайында әңгімелесті. Облыс әкімі Алик Серікұлы Бас мүфтиге діннің мемлекет тұрақтылығын сақтаудағы маңызын атап өтіп, діни басқарманың атқарып жатқан игі жұмыстарына алғысын білдірді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұнан соң Бас мүфтидің қатысуымен облыстық әкімдікте аймақтағы мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, дінтану мұғалімдері және БАҚ өкілдерімен кездесу өтті. Жиынды облыс әкімі жүргізіп, Бас мүфтидің өлкеге сапар мақсатын түсіндірді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет тарапынан дінге көрсетіліп отырған қолдауы жайында әңгімелеп, ел басшылығының қамқорлығын бағалай білуге шақырды.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде діни басқарма 2016 жылды "Дін және тарих тағылымы" жылы деп атағанын және осының аясында көптеген игілікті шаралардың қолға алынатынын атап өтті.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Қазақ елінің ертеден қалыптасқан дәстүрі мен діни мектебі бар. Біз осы жолымызды, дәстүрмен сабақтасқан дінімізді сақтай білуіміз керек. Бұған дейін халқымыздың әдет-ғұрпы, имандылықпен астасқан дәстүрін сараптаған "Дін мен дәстүр" кітабын шығарған едік, осы кітаптың екіншісі жақынд жарық көреді", - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Жиын аясында Бас мүфти кездесуге қатысушылардың, соның ішінде өңірдің зиялы қауым өкілдерін толғандырған дінге қатысты сұрақтарына жауап берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!