Елордалық ІІД консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті

Фотография - Елордалық ІІД консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті

"Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" АҚ бас директоры Абай Байгенжин сайланды

522 0

Қалалық Ішкі істер департаментінің Консультативтік кеңес органының алғашқы отырысы өтті. Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, Консультативтік кеңес органы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, полиция қызметін әділ әрі ашық етуді қамтамасыз етеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Консультативтік кеңес органының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Дауыс беру арқылы Астана қаласы ІІД жанындағы Консультативтік кеңес органының төрағасы болып "Ұлттық ғылыми медициналық орталығы" АҚ бас директоры Абай Байгенжин сайланды.

Аталмыш кеңестің негізгі міндеттері халықтың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, полицияны халыққа жақындату, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық мемлекетті нығайтудағы ролін одан әрі арттыру, ішкі істер органдарының қызметіне консультативтік, әдістемелік және өзге де қолдаулар көрсету, ішкі істер органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге ықпал ету, ішкі істер органдары қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру мүддесіне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту, бірлескен іс-шаралар бағдарламалары және оларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, ішкі істер органдары қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау болып табылады.


Тегтер:

Елорда кеңес

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!