Елордада санитарлық тазарту жұмыстары жалғасады

Фотография - Елордада санитарлық тазарту жұмыстары жалғасады

Аумақтарда механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар қолға алынға

91 0

Қаланы санитарлық тазарту жұмыстары елорда әкімдігінің күнделікті бақылауына алынған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында осы мәселе қаралды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Аумақтарда механикаландырылған және қолмен жинау жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар қолға алынған. Бұдан басқа, аудан әкімдіктері коммуналдық қызметтермен бірлесіп күн сайын рұқсатсыз қоқыс жиналған орындарды тазалау, абаттандыру элементтерін жөндеу-қалпына келтіру, гүлзарларды тарау, ағаштарды сирету, қоршауларды жуу,  гүлбақтар мен парктерді абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.

Көктем шыққалы "Есіл" ауданында құрылыс және тұрмыстық қоқыс жиналған 39 орын анықталды, соның ішінде 23-і тазаланды, қалғаны бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, жолдың жүріс бөлігін ластағаны үшін 26 құрылыс нысаны әкімішілік жаапкершілікке тартылды. Үш аудан бойынша рұқсатсыз қоқыс тасталған орындардағы қалдықтарды шығару кестесі бекітілді. Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінде, жағалауларда және елордаға кіреберіс тасжолдарда санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес қоршауларды жөндеу, көпірлер мен орамдарды жуу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі кезде субұрқақтарды қайта іске қосу және сорғыларды тексеру жүргізілуде. 1 мамырда қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылмақ.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар Кешенді жоспарға сәйкес жүргізілуде. Су тасқыны кезеңі басталғалы қала тұрғындарынан ерінді және жерасты суларын тартып алу бойынша 3,3 мың өтінім келіп түскен. Жалпы, 83 мың 721 м3 су тартылып алынды.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында коммуналдық қызметтер, шаруашылық органдар, тәртіп сақтау органдары қалалық бақылау бекеттерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырды, ақпараттар мен бақылау мәліметтері жедел түрде өңделеді, қалыптасқан жағдай бағаланып, оның даму үрдістері болжанады. Түрлі ведомстволардың қызметтері мен шаруашылық объектілердің арасында байланыс орнатылып, өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!