Астаналық дәрігерлер шетелдік әріптестерінің тәжірибесін үйренді

Фотография - Астаналық дәрігерлер шетелдік әріптестерінің тәжірибесін үйренді

Шетелдік маман қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін жоғары бағалап, онкология орталығы ұжымының ұйымдасқандығын атап өтті

421 0

Апта бойы елордалық дәрігерлер эндоскопиялық операциялар жасаудың жаңа әдісін меңгерді, деп хабарлады  Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Дели қаласы Isis халықаралық госпиталінің аз инвазивті хирургия докторы Арвинд Кумар Астана қаласы Онкология диспансерінің дәрігерлеріне тік ішек, жатыр мойны, лапароскопиялық радикалды нефрэктомия, спленэктомиямен ұйқы безінің корпорокаудальді резекциясы және т.б. қатерлі ісіктері кезінде эндовидеохирургиялық ота жасаудың жаңа әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Сонымен қатар, Арвинд Кумар қазақстандық әріптестерімен бірлесіп 10 операция өткізіп, қалалық онкология орталығының 12 пациентіне практикалық және консультативтік көмек көрсетті. Шетелдік маман қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін жоғары бағалап, онкология орталығы ұжымының ұйымдасқандығын атап өтті.

Тренингке қатысқан 22 онкохирург халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!