Ақсу қант зауыты қайта іске қосылады

Фотография - Ақсу қант зауыты қайта іске қосылады

Қаржыландырудың 20 проценті облыстан бағытталатын болады.

104 0

Ондаған жылдардан бері тоқтап тұрған Ақсу қант зауытының биыл тамырына қан жүгіріп, жөндеу жұмыстары басталмақ. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов аталмыш нысанға барған сапарында айтты. Зауыт базасында өңір басшысы әлеуетті инвесторлармен, осы тектес өндіріске қызмет көрсету саласының Ресей мен Украинадан шақырылған мамандарымен кездесті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес бұл зауытты "Жетісу" ӘКК коммуналдық меншігіне сатып алған, жақын күндерде зауытты қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жұмыстарды бастайтын заңды тұлға ретіндегі ұйым құрылатын болады.

"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның Күрделі жөндеу департаментінің директоры Марат Асановтың айтуынша, ӘКК заңға сәйкес сатып алу процедураларын жүргізіп, кәсіпорынға техникалық аудит жүргізетін бірқатар мердігер ұйымдар анықталды. Мұнан кейін жобалық-сметалық құжаттар дайындалады, сонан соң құрылыс-монтаж жұмыстарына, зауытты жаңғырту мен құрал-жабдықтар орнату ісіне кіріспек.

Алдын ала есептеулер бойынша инвестицияның жалпы көлемі шамамен 8 миллиард теңге. Қаржыландырудың 20 проценті облыстан бағытталатын болады.

- Қазір біз инвестиция тарту мәселесімен айналысып жатырмыз. Бізге жұмысты тиімді, толыққанды жүргізе алатын инвестор керек. Бүгінгі күні бірқатар көңілге қонымды ұсыныстар түсті, - деп атап өтті А. Баталов.

Зауытты шикізатпен қамту мәселесі де алдын ала реттелген. Өйткені бір кезде зауыттың тұралап қалуына шикізаттың жеткіліксіздігі себеп болған еді. Мәселен, биылғы жылы Ақсу ауданының өзінде 1260 гектар жерге тәтті түбір себу межеленсе, облыс бойынша бұл көрсеткіш 6,4 га болмақ. Бұл орайда Ақсу қант зауытына Сарқан мен Алакөл аудандары да шикізат өткізетін болады. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!