"Тұлпар-Тальго" пойызына жеңілдік беріледі

Фотография - "Тұлпар-Тальго" пойызына жеңілдік беріледі

"Тұлпар-Тальго" пойызына жеңілдіктер үшін мереке қарсаңында жаңа дисконтты карталар шығарылады

288 0

Жеңіс күні құрметіне орай Ұлы отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге "Қазақстан темір жолы" АҚ "Тұлпар-Тальго" пойызымен жүруге жеңілдіктер жасалады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

"Тұлпар-Тальго" пойызына жеңілдіктер үшін мереке қарсаңында жаңа дисконтты карталар шығарылады.

Жеңілдік қарастырылған "Ардагер" дисконтты картасы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен Ұлы Отан соғысының I, II, III топтағы мүгедектеріне 99 пайыздық жеңілдік жасайды.

Айта кететіні, дисконттық карта тегін және мерзімі шектеусіз.

Ал "Ардагер+" дисконтты картасы Ұлы Отан соғысының ардегеріне теңестірілген барлық топтардың өкілдеріне (оның ішінде аумақтық соғыстарға қатысқандар, Чернобыль апатын жоюға қатысқандар және т.б. бар) 50 пайыздық мөлшерде жеңілдік жасалмақшы.

Қазіргі уақытта "Тұлпар-Тальго" пойыздарына билетті сатып алу мерзіміне байланысты қосымша 40 пайызға дейін жеңілдіктер жасалып келеді. Ал "Ардагер+" дисконтты картасымен билетті күні бұрын алса, 70 пайызға дейін жеңілдік беріледі. 
Жеңілдіктер жүйесі "Тұлпар-Тальго" пойыздарында №1/2 "Алматы-Астана", №19/20 "Астана-Атырау", №49/50 "Алматы-Ақтөбе", №67/68 "Астана-Защита", №69/70 "Алматы-Защита", №79/80 «Астана-Шымкент», №87/88 "Астана-Ақтөбе", №89/90 "Астана-Қызылорда", №701/702 "Алматы-Петропавл" пойыздарында жасалып отыр.

Дисконттық картаны әр жердегі темір жол вокзалдарындағы "Жолаушылар тасымалы" АҚ темір жол кассаларынан жеке куәлік пен бірге аталған мәртебені растайтын құжаттарды көрсетіп, алуға болады

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 3 917 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, сондай-ақ 41 729 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар бар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!