Астанада "Думан" ойын-сауық орталығы сатылды

Фотография - Астанада "Думан" ойын-сауық орталығы сатылды

Бұған дейін ол Астана әкімдігі коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының есебінде тұрған.

1180 0

Астанадағы демалыс орындарының біріне айналған "Думан" ойын-сауық орталығы сатылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған кешен электронды сауда арқылы 3 млрд 403 млн 500 мың теңгеге өтті. Отыз мың шаршы метрге жуық аумақты алып жатқан нысанға иелік етуге екі өтініш түскен.

Бұған дейін ол Астана әкімдігі коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының есебінде тұрған. Байқау шарттарына сәйкес, "Думанның" көңіл-көтеру қызметтері кемінде 10 жылға сақталуы тиіс. Океанариум сонша уақыт қызмет етуі шарт. Ал жасанды теңіз бен нысанның өзі жаңартылып, шатыры жөнделуі қажет.

"Қазір сатып алу келісімшартына қол қойылып жатыр. Аяқталғаннан кейін алған адам өз атына тіркейді. Екі компания өтініш білдіріп, бағаны жоғары қойған адамға ойын-сауық орталығы сатылды. Айта кетейік, ел үкіметі 2016-2020 жылдарға жекешелендірудің кешенді жоспарын құрып, сатылымға қойылатын ұлттық холдингтер мен ірі компаниялардың тізімін жариялаған болатын", – деді Астана қаласы коммуналдық мүлік және мемлекеттік басқару басқармасының бөлім басшысы Ұлан Құдайберген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!