Нұржан Әшімбетов Павлодар әкімі болып тағайындалды

Фотография - Нұржан Әшімбетов Павлодар әкімі болып тағайындалды

Жаңадан сайланған қала әкім өмір бойы Павлодар облысында әртүрлі қызметтерді атқарған.

139 0

Павлодардың жаңа әкімі болып бұған дейін облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған Нұржан Әшімбетов тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Кемерұлы 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжье ауданының Черное ауылында туған. Алматы зооветеринарлық институтын және Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Павлодар мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінде маман болып бастады. Мұнан соң халықаралық даму жөніндегі американдық агенттігінің "Карана" корпорациясында кеңесші болып еңбек етті. 

Өндірістік кооперативтің төрағасы, Лебяжье ауданында агрофирманың директоры болды. 1999 жылдан 2008 жылға дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, кейін Лебяжье ауданын басқарды. 

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болды. 2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

2009 жылы Петропавл қаласының әкімі лауазымын орындап, 2012 жылы Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!