Астанада шетелдік жұмыс күшін тартуға 9 мыңға жуық рұқсат қағазы берілді

Фотография - Астанада шетелдік жұмыс күшін тартуға 9 мыңға жуық рұқсат қағазы берілді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шақырылған жұмысшыларға рұқсат қағазын алу қажет емес

172 0

Бүгінгі таңда Астанада шетелдік жұмыс күшін тартуға 9 мыңға жуық рұқсат қағазы берілген, соның ішінде бір жылға берілгені де, мерзімі ұзартылғаны да бар. Шетелдік жұмысшылардың 60-70% жуығы негізінен құрылыс ұйымдарына тартылады. Сонымен қатар, негізінен, инженер, менеджер, оқытушы және басшылық қызметте жұмыс істейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, жұмысшылар көбінесе Түркия мен Қытайдан келеді. Жалпы, елордада Австралия, Таиланд, Украина және т.б. мемлекеттерден келіп жұмыс істеп жүргендер де бар. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шақырылған жұмысшыларға рұқсат қағазын алу қажет емес.

- Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қағазын алу үшін шетелдік жұмысшы туралы ақпаратпен қоса өтініш беруге тиіс. Өтінішті қарау кезінде негізінен оның білімі мен практикалық жұмыс өтілі ескеріледі. Сонымен қатар, белгілі бір қызмет бойынша бөлек талаптар белгіленген. ЭКСПО құрылысы сияқты басымды жобаларға жекелеген квоталар беріледі, - деп түсіндірді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы Шетелдік жұмыс күштерін тартатын жұмыс берушілермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Сырым Байдаулет.

Елордаға шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерден құжаттар 18 сәуірге дейін қабылданады. Комиссияның кезекті отырысы 20 сәуірде өтеді. Айта кетейік, осындай кездесулер ай сайын ұйымдастырылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!