Қарағанды облысының әкімі өзінің жеке меншік үйі жоқ екенін айтты

Фотография - Қарағанды облысының әкімі өзінің жеке меншік үйі жоқ екенін айтты

Нұрмұхамбет Әбдібеков қазіргі уақытта әкімдердің еңбегін бағалайтын 7 көрсеткіш барын алған тартты.

192 0

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің жалақысы мен пәтеріне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді деп хабарлайды nur.kz порталы ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлт жоспарына сәйкес, жалақыны еңбегіне қарай бекіту жүйесі қарастырылған. Осы орайда журналист бұл жүйе Қарағанды облысы әкімінің жалақысына қаншалықты әсер еткенін сұрады.

Нұрмұхамбет Әбдібеков қазіргі уақытта әкімдердің еңбегін бағалайтын 7 көрсеткіш барын алған тартты. Көрсеткіштер әр әкімге әрқалай бекітіледі. Мәселен, Қарағанды облысы әкімінің алдына өнеркәсіпті 1,9%-ға өркендету міндеті қойылған екен. Әзірге бұл жаңа жүйе Әбдібековтің жалақысына ешқандай әсер етпеген екен.

"2015 жылдың қорытындысына сәйкес, менде бонустар болмады", - деді ол.

Ұлт жоспарының сегізінші қадамында мемлекеттік қызметкерлерді қызмет атқару мерзімінде жекешелендіру құқығынсыз тұрғын үймен қамтамасыз ету керектігі айтылған.

Ал Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандыға өзге өңірден келгендіктен, журналистер оның қайда тұратынын сұрады.

"Менің Қарағандыда жеке үйім жоқ. Пәтер керемет үлкен емес, қарапайым бюджеттік тұрғын үй. Оны жекешелендіруге болмайды. Адам өзі тұратын пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, өзіне ыңғайлы етеді. Онда тұрған ештеңе жоқ", - деп жауап берді әкім.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!