Ресейлік туристер Алакөл шипажайларында бос орын қалдырмады

Фотография - Ресейлік туристер Алакөл шипажайларында бос орын қалдырмады

Алакөлдегі шипажайларда қазірдің өзінде бос орын қалмаған.

915 0

Жерлестеріміз жыраққа шықпай-ақ, туған жерде тынығуды жөн көреді. Биыл отандық демалыс орындары демалушылардың қалың нөпіріне толмақ деп хабарлайды Алматы арнасы.

Яғни, отандастарымыздың арасында сұраныс екі есе артқан. Мәселен, шығыстың маржаны Алакөлдегі шипажайларда қазірдің өзінде бос орын қалмаған.

Алдын ала тапсырыс беріп қойғандардың ішінде ресейліктер де бар екен. Мамандардың айтуынша, теңгенің құнсыздануы мен шетелдегі тұрақсыз жағдай ішкі туризмді дамытуға жол ашып отыр. Өзге елдерде демалатын қазақстандықтардың қатары 80 пайызға азайған. Соның ішінде көптің сұранысы жоғары Түркияға сапарлайтындар қатары төмендеген.

"Өткен жылы Ыстықкөлге сұраныс жоғары болған. Биыл отандастырымыз Алакөлде демалуды жөн санауда. Бұл жағдайға теңгенің тұрақсыздығы сеп болып отыр деп санаймын. Соңғы уақытта шетелге қатынайтын қазақстандық туристер саны күрт азайған. Халық қымбат бағыттар мен қонақ үйлерден гөрі арзан демалысты таңдауға көшті",- деді туристік фирма директоры Денис Грибков.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!