Ақтөбеде тұрғын үй жинақ банкінің 32 мың салымшысына өтемақы төленеді

Фотография - Ақтөбеде тұрғын үй жинақ банкінің 32 мың салымшысына өтемақы төленеді

Төлеуге жататын өтемақының жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрап отыр.

144 0

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкінің ақтөбелік 32 мың салымшысы 2,3 млрд теңге өтемақы алады, деп мәлімдеді "Ақтөбе ақпарат" ақпараттық орталығында өткен мәжілісте Тұрғын үй жинақ банкінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Д. Ыбырайым. 

"Қазіргі уақытта облыстық филиалда 43 800 салымшы бар. Өтемақыны 1 млн. теңгеден астам ақшасыбар салымшылар ала алады. Төлеуге жататын өтемақының жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрап отыр. Төлем бюджет және банктің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ. Өтемақы төлеуге салымшылардан қосымша келісімдер қабылдау осы жылдың 31 мамырына дейін ұзартылады", - деді ол.

Ұлттық валюта бағамын реттелгеннен кейін Мемлекет басшысы Үкіметке банк салымшыларының жинағын сақтау бойынша жеке тәсіл жасап шығуды тапсырған болатын. Оны 2015 жылдың соңында "Бәйтерек" басқарушы холдингі Қаржы министрлігі, ҰЭМ, ИДМ, ҚҰБ-мен бірлесіп әзірлеген. Өтемақы 2015 жылғы 18 тамызға дейін ашылған депозиттерге төленбек.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!