ОҚО-да елді мекендерді су басу қаупі сейілді

Фотография - ОҚО-да елді мекендерді су басу қаупі сейілді

Бүгінгі таңда қос аудандағы апаттан құтқару жұмыстары толықтай аяқталды.

201 0

2016 жылдың 17 сәуірі күні сағат 18:35-те жауған нөсер жаңбырдың салдарынан Төлеби ауданының Ленгер қаласындағы тұрғын үйлердің маңында су деңгейінің көтерілу жағдайлары орын алған болатын. Сай-салаларды толтырған жаңбыр суы шаһардағы Матросов, Жамбыл, Базарная, Комсомольская, Мичурин, Садовая және Бішембаев көшелеріне жайылды. Нәтижесінде, жаңбыр суы 22 үй іргесіндегі телімдер мен үй-жайлардың аулаларын алған. Айта кетейік, тосын оқиғадан зардап шеккендер жоқ, су тұрғын үйлерге кірмеген. 

Сонымен қатар, кешегі күні нөсер жауын салдарынан Қазығұрт ауданының "Алтын төбе" ауылдық округіне қарасты 1 Мамыр елді мекеніндегі 3 тұрғын үйдің ауласын су басқан болатын. Онда жауын салдарынан 2 шаруашылық қора-жай маңы бүлінсе, 3 аула мен 1 уақытша баспанаға (времянка) су жайылған.

Орын алған жағдайларды бақылау үшін өңір басшысы Б.Атамқұлов пен ОҚО ТЖД бастығы А.Путейко Төлеби мен Қазығұрт аудандарына барды.

Шұғыл атқарылған алдын алу шараларының нәтижесінде жағдай тұрақтандырылып, жиналған су арнайы техникалармен шығарылды. Қауіпті сейілту үшін жаңбыр суын траншеяға қарай бұру жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің іргесіне құмға толы қапшықтар қойылды.

Апаттан құтқару жұмыстарына ОҚО ТЖД өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар бөлімдерінің құтқару жасақтары мен күштері жұмылдырылды.

Тосын жағдайларға Төлеби ауданынан 6 моторлы сорғы мен 12 техника және 108 адам жұмылдырылса, Қазығұрт ауданындағы қауіпті сейілту үшін 2 моторлы сорғы мен 3 техника және 15 адам жұмыс істеді.

Бүгінгі таңда қос аудандағы апаттан құтқару жұмыстары толықтай аяқталды.

Кез келген табиғат апаттарына байланысты ОҚО ТЖ Департаментінде шұғыл штаб құрылған. Өңірдегі жалпы жағдай бақылауда.


Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!