Алматы метросының директоры өз еркімен қызметінен кетті

Фотография - Алматы метросының директоры өз еркімен қызметінен кетті

Айдын Оразханов "Метрополитен" МКК директоры лауазымына 2014 жылы тағайындалған болатын.

475 0

"Метрополитен" МКК директоры Айдын Оразханов өз еркімен жұмыстан кетті. 

Бүгін Алматы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Дәурен Әлімбеков ұжымға директордың міндетін атқарушы Нұрлан Мұқановты таныстырды.

Мұқанов бұған дейін "Алматы метро құрылысы" АҚ директорының орынбасары, соңғы бірнеше ай Алматы метросы директорының даму жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

Айдын Оразханов "Метрополитен" МКК директоры лауазымына 2014 жылы тағайындалды. Оның жаңа жұмыс орны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ метроның баспасөз қызметі Оразханов жұмыскерлердің жаппай шағымдануынан кейін қызметінен кетті деген ақпараттың жалған екенін айтып отыр.

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!