Астанада иммундау апталығы өтеді

Фотография - Астанада иммундау апталығы өтеді

Елордалық медицина қызметкерлері үшін осы кезеңде түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады

731 0

24-30 сәуірде елордада "Иммундаудағы кемшіліктерді жою" ұранымен Дүниежүзілік иммундау апталығы өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Онкүндік шараның мақсаты вакцинацияға қатысты қоғамның сенімін, денсаулық үшін иммундаудың маңызы туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру болып табылады.

Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары иммундаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-білім беру материалдарын таратты. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда LED-мониторлар мен лайтбокстардан, сауда, ойын-сауық орталықтарында, әуежайда иммундаудың артықшылықтары туралы аудио- және бейероликтер ротацияланады.

Елордалық медицина қызметкерлері үшін осы кезеңде түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.

Соңғы уақытта вакцинациядан бас тарту жағдайлары жиілеп кетті. Бұл мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін. Орталық мамандарының пікірінше, халықтың иммунопрофилактикаға қатысты сенімін қалыптастыру, халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, жұқпалы ауруларға қарсы қорғаныс қажеттілігі; вакцинациядан бас тартуға байланысты қауіп-қатер мен себеп-салдар туралы ақпараттандыру қажет.

Айта кетейік, 2015 жылы жыл сайын вакцина жасалатын адамдар саны 8 100 709 құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!