Павлодар облысында 323,3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Фотография - Павлодар облысында 323,3 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Бүгінгі таңда бұрын қабылданған қаулылардың және жалға беру шарттарының күшін жою арқылы мемлекетке 323,3 мың га жер қайтарылған.

83 0

Павлодар облысында ауылшаруашылығы жерлерінің тиімді пайдаланылуына баса көңіл бөлінуде. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында өткен брифинг кезінде мәлім етті. 

"2015 жылы және 2016 жылдың ағымдағы кезеңінде аймақта айналымға 653 мың га жер тартылды, оның 497 мың га алаңындағы 655 жер телімі өткізілген 43 конкурстың нәтижелері бойынша уақытша пайдалануға берілді. Ал 156 мың га жер тұрғындардың мал ұстауы үшін сатудан тыс ұсынылды", - деп хабарлады облыс әкімі.

Оның айтуынша, пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы жерлеріне ай сайын мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі таңда бұрын қабылданған қаулылардың және жалға беру шарттарының күшін жою арқылы мемлекетке 323,3 мың га жер қайтарылған.

"Сондай-ақ сот органдарына 30,3 мың га жерді мәжбүрлеп алу жөнінде талапарыз жіберілді", - деп хабарлады Б.Бақауов. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!