Алматы облысында ірі қара мал саны 1 млн бастан асты

Фотография - Алматы облысында ірі қара мал саны 1 млн бастан асты

Бүгінгі таңда 19,0 мың басқа алты ірі жемдеу алаңы жұмыс істейді.

130 0

Алматы облысында ірі қара мал саны бір млн. бастан асты, оның ішінде асыл тұқымды малдың үлесі 18,3%-ға жетті және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыс басшысының айтуынша, "100 нақты қадамның" 61-қадамын орындау мақсатында өңірде ауқымды шаралар атқарылып келеді.

Бүгінгі таңда 19,0 мың басқа алты ірі жемдеу алаңы жұмыс істейді, оның ішінде үшеуі – "ӨтесБиоАзия" ЖШС, "Жақсылық" ШҚ және "Империя Фуд" ЖШС 67 шаруа қожалығын үш кооперативке біріктірді.

Биыл 16,9 мың басқа арналған тағы 12 жемдеу алаңы іске қосылады.

Екі ет өңдеу зауытының құрылысы басталады. Олар – қуаты 8 мың тонна болатын ирандық "Империя Фуд" компаниясы және Қарасай ауданында қуаты жылына 10 мың тонна болатын "Үміт" ЖШС. Соның  нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша ет өндірісі 14,6 мың тоннаға артып, 330,4 мың тоннаға жетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!