Жыл басынан бері Астанада 5740 нысан заңдастырылды

Фотография - Жыл басынан бері Астанада 5740 нысан заңдастырылды

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша 6276 өтініш келіп түскен

197 0

Бүгінгі таңда Астанада құны 26 350 987 теңгенің 5740 нысаны, сондай-ақ 130 325 445 теңге мөлшерінде ақша қражаты заңдастырылды.

Астананың жергілікті атқарушы органдарындағы комиссияларға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша 6276 өтініш келіп түскен. Жалпы, тұрғын, тұрғын емес және коммерциялық 5740 нысанды заңдастыру мақұлданды.

Сонымен қатар, Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаменті органдарына ҚР аумағынан тыс орналасқан 57 608 мың теңгелік төрт және құны 1 012 432 мың теңгелік 11 нысан бойынша алты арнайы декларация тапсырылған. Мемлекеттен тыс жердегі құны 6243 мың теңгені құрайтын заңды тұлғаларға қатысудың екі үлесі заңдастырылды.

Ақша қаражатына тоқталсақ, қалалық мемлекеттік кірістер органдарына жалпы сомасы 130 325 445 72 мың теңгені құрайтын ақшаны заңдастыру бойынша 72 өтініш келіп түскен, сондай-ақ, құны 8110 мың теңгені құрайтын құнды қағаздар заңдастырылды.

Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, ақшаны мерзімінен бұрын алған жағдайда, азаматтар  оны заңдастырғаны үшін 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін төлеген алымды қайтара алады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!