Алматының 12 шағын ауданында бірнеше күн су болмайды

Фотография - Алматының 12 шағын ауданында бірнеше күн су болмайды

Жоспарлы жұмыстар жүргізілетіндіктен, ертең шағын аудандар суық судан ажыратылады.

248 0

Жоспарлы жұмыстарға байланысты 21 сәуірде сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін 12 шағын ауданның тұрғындары суық судан ажыратылады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Жоспарлы жұмыстар жүргізілетіндіктен, ертең шағын аудандар  суық судан ажыратылады. Бұл туралы қала әкімдігімен келісілген", – деді "Алматы су" операторы. 

Осылайша 12 шағын ауданда келесідей үйлерде суық су уақытша тоқтатылады:

-2 ш.а., № 1-ден 59-ға дейінгі үйлер;

- 3 ш.а., № 1-ден 43-ке дейінгі үйлер;

- 4  ш.а., № 1-ден 8-ге дейінгі үйлер;

- 5  ш.а., № 1-ден 20-ға дейінгі үйлер;

- 6  ш.а., № 1-ден 63-ке дейінгі үйлер;

- 7  ш.а., № 1-ден 35-ке дейінгі үйлер;

- 8  ш.а., № 1-ден 7а дейінгі, 10, 10а, 11, 37, 39, 46, 83, 87, 87а үйлер;

- 9  ш.а., № 1-ден 69/3-ке дейінгі үйлер;

- 10  ш.а., № 1-ден 23а-ға дейінгі, 57, 57а, 59а, 59б үйлер;

- 11  ш.а., № 1-ден 34 а-ға дейінгі үйлер;

- 12  ш.а., № 1-ден 11а-ға дейінгі үйлер.

Сонымен қатар, 19 сәуірден бері Әуезов және Алатау аудандарында тұрғындар келесі жылыту маусымына дайындыққа байланысты ыстық судан ажыратылған. Алматылықтарға ыстық су тек 22 сәуірде ғана берілмек.

"Жылыту маусымына дайындық жүруде. Жылу тораптарын сынауға байланысты қала тұрғындары ыстық судан ажыратылды", – деді "Алматы жылу жүйелері" компаниясының операторы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!