Алматылық жігіт әлеуметтік желіде жалған атпен танысқан қызын сотқа берді

Фотография - Алматылық жігіт әлеуметтік желіде жалған атпен танысқан қызын сотқа берді

ВКонтакте әлеуметтік желісінде жалған есіммен танысқан қыздың үстінен алматылық жігіт Іле аудандық сотына шағым түсірді.

1026 0

Алматы облысында қызық оқиға орын алды. ВКонтакте әлеуметтік желісінде жалған есіммен танысқан қыздың үстінен алматылық жігіт Іле аудандық сотына шағым түсірді, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Жігіт желіде танысқан қызбен біраз уақыт хабарласып жүрген. Қыздың жазған сөздері мен желіге жүктеген суреттеріне тәнті болған жігіт онымен жақын танысуға әрекет жасаған. Кездесуге шақырған жігіттен қыз бірден тәтесінің туған күніне 20 мың теңгелік гүл шоғын және 30 мың теңге ақша әкеліп беруін сұраған. Гүлін құшақтап, 30 мыңды қалтаға басқан жігіт Іле ауданының Жетіген ауылына келгенде танысқан қызының мүлдем басқаша кейпін көріп, шалқасынан түседі.

Іле аудандық прокуратурасы хабарлағандай, жетігендік 23 жастағы қыздың басқа да алаяқтық әрекеттерге қатысы бары анықталып отырған көрінеді. Ол елден балабақша, оқуға түсу сынды мәселелерді шешіп беремін деп ірі көлемде ақша алып келген. Тіпті, бір келіншек оған банктен 450 мың теңге несие алып берген, ол аздай бар алтынын ломбардқа қойып, тағы 150 мың теңгені қолына ұстатқан.

"Сотқа дейінгі тергеу кезінде айыпталушының бірнеше алаяқтық оқиғасына қатысы бары дәлелденді. Ол әрекеттерден азаматтарға келтірілген шығынның жалпы құны 1,5 миллион теңгеден асады. Сотта күдіктінің кінәсі дәлденсе ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді Іле ауданының прокуроры Мұхтар Мыңжасар.

Прокуратура қызметкерлері осы іс бойынша жақын күндері сот процесі басталатынын хабарлады. Күдіктіден әзірге қолхат алынып, қамау шарасы қолданылмаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!