Астанада 100 жуық қоғамдық көмекші марапатталды

Фотография - Астанада 100 жуық қоғамдық көмекші марапатталды

Қазіргі кезде тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілермен бірлесіп жұмыс істеуіне айрықша көңіл бөлінеді

120 0

Бүгін жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев полицияға пәрменді көмек көрсеткен 96 азаматқа грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыстады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі кезде тәртіп сақшыларының қоғамдық көмекшілермен бірлесіп жұмыс істеуіне айрықша көңіл бөлінеді. Құқық қорғау бағдары бойынша қоғамдық тәртіпті күзетуге 900 аса қоғамдық құрылым өкілдері қатысады, соның ішінде қоғамдық кеңес құрамындағы 37 құқық қорғау органдарының ардагері, 217 консьерж және полиция бөлімшелері жанындағы қоғамдық көмекшілер, күзет құрылымдарының 343 қызметкері, жедел-жастар жасағының 122 мүшесі және т.б.

Жыл басынан бері полицияның қоғамдық көмекшілерінің мәліметі бойынша, 4 қылмыс пен 165 әкімшілік құқық бұзушылық ашылып, 210 азамат учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.

Көмекшілердің қырағылығының арқасында баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болды, терминалды ұрлау әрекетіне кедергі жасалды, сондай-ақ, есірткілік заттар табылып, тәркіленген екі азамат құрықталды және т.б.

Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!