Алматы әуежайында азаматтарға маза бермеген 4 таксистті ұсталды

Фотография - Алматы  әуежайында азаматтарға маза бермеген 4 таксистті ұсталды

Әуежай ғимаратының кіре берісінде жеңіл автокөлік жүргізушілері такси қызметін беймаза ұсынған

216 0

19 сәуірде таңғы сағат 6.00 шамасында Алматы қаласының Желілік полиция бөліміне 25 жастағы Алматы қаласының азаматы мен 31 жастағы Алматы облысының азаматшасы келіп шағымданған. Олардың айтуынша, әуежай ғимаратының кіре берісінде жеңіл автокөлік жүргізушілері такси қызметін беймаза ұсынған, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Алматы қаласының және Алматы облысының 1977, 1980, 1982 және 1993 жылы туылған азаматтары ұсталды.

Олардың үстінінен көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК 449 бабының 1 тармағы және ҚР ӘҚБтК 449 бабының 2 тармағына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды.

Көліктегі ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметтері бойынша үстіміздегі жыл басынан бері 151 таксист әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардан 1 млн 601 355 мың теңге көлемде айыппұл өндіріліп алынды.

Еске сала кетсек, мұндай әрекеттер үшін заң бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш (10 605 теңге) көлемінде айыппұл салынады, егер бір жылдың ішінде қайталанатын болса 10 айлық есептік көрсеткіш (21 210 теңге) көлемінде айыппұл тағайындалады немесе әкімшілік соттармен қамауға алынады.

Егер мұндай құқық бұзушылықты шетел азаматтары жасайтын болса, олар бес күнге дейін әкімшілік қамауға алынып, елден тысқары шығарылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!