Имамдар мен шәкірттер қан тапсырды

Фотография - Имамдар мен шәкірттер қан тапсырды

Хадисте: "Кімде-кім бауырына көмек етуге мұршасы болса, қол ұшын берсін", – деп айтылған.

270 0

Бұл ізгі амал адамдарға өмір сыйлауға үлкен себеп. Құран Кәрімдегі: "... Кім кісі өлтірмеген не жер бетінде бұзғыншылық жасамаған бір адамды өлтірсе, шын мәнінде, ол адамдардың барлығын өлтіргендей болады, ал кім оны тірілтсе, адамдардың барлығын тірілткендей болады...", – деген аят соның айғағы. Хадисте: "Кімде-кім бауырына көмек етуге мұршасы болса, қол ұшын берсін", – деп айтылған.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев бастаған мешіт имамдары мен ұстаздары және "Һибатулла Тарази" мешітінің шәкірттері қан тапсырды. Әлбетте, бұл аталмыш көмекке мұқтаж жандар үшін үлкен жәрдем болмақ.

Ислам ғалымдары "донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу исламдағы игі амалдардан", – деп бірауыздан құптайды.

Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннет амалы болып саналады. Сонымен бірге, денсаулыққа тигізер пайдасы да зор. 

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!