Елордалық дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде

Фотография - Елордалық дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде

Тренингке балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан 23 маман қатысты, оқуды аяқтаған соң оларға сертификаттар табысталды

178 0

Астанада қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының базасында Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық медициналық зерттеу университетінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия бөлімінің профессоры доктор Уго Лоайса Левано бірнеше күн бойы балалар анестезиологтары, реаниматологтар, қарқынды терапия бөлімінің дәрігерлері мен медбикелеріне, балалар инфекционисттеріне арналған шеберлік дәрісін өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Оқу-клиникалық орталығы «Балаларға арналған қарқынды терапия» тақырыбындағы тренингті ұйымдастырды.

Оқыту барысында балалар жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары нозокомиалды инфекция, инфекциялық-уытты шок, жүрек-өкпе жетіспеушілігі кезінде және балалардың қарқынды терапиясында гемодинамикалық қолдауды, респираторлық қолдау және басқа да балаларға медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық әдістерін зерттеді.

Оқыту сабақтастық, бірізділік принциптері бойынша жұмыс орындарында, кішкентай пациенттердің төсегінің жанында қолда бар тәжірибені тікелей үйрету арқылы өткізілді.

Тренингке балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан 23 маман қатысты, оқуды аяқтаған соң оларға сертификаттар табысталды.

Айта кетейік, бұл ресейлік әріптестеріміздің елордаға жасаған алғашқы сапары емес. Бұған дейін профессор Уго Лоайса Левано Н.И. Пирогов атындағы РҰМЗУ балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Владимир Лазаревпен бірге елорданың № 1 және № 2 қалалық балалар ауруханаларында жұмыс орындарында тренинг өткізген болатын. Ресейлік әріптестердің жетекшілігімен жансақтау және қарқынды терапия бөліміндегі ауыр өкпе патологиясы бар пациенттерді жүргізудің бірқатар әдістемелері мен тәсілдері қайта қаралып, ауыр халде жатқан балалардың өкпесін аппараттық жасанды жолмен желдету бағдарламаларының режимдері өзгертіліп, емдеу ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, әрбір пациентке көрсетілетін қарқынды дәрілік терапия комбинациясының жеке тәсілі ұсынылады.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында денсаулық сақтау саласындағы ресейлік, испан, үнділік халықаралық сарапшылардың қатысуымен елордалық мамандар үшін келесі бағыттар бойынша бес шеберлік дәрісі ұйымдастырылды: балалар анестезиологиясы және реаниматология, онкология, балалардың қарқынды терапиясы, мейірбике ісі. Алдағы уақытта Франция, Корея және Израильден келген мамандардың қатысуымен тренингтер мен шеберлік дәрістерін өткізу жоспарланған.

Мұнымен қоса, елордалық медицина қызметкерлері Израиль, Ұлыбритания және т.б. мемлекеттерде білім алады. Жақын арада қалалық медицина мекемелерінің басшылары Англия мен Кореяның жетекші орталықтарында болып, денсаулық сақтау менеджментін меңгеретін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!