Астанада автовокзалда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Фотография - Астанада автовокзалда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге келгендердің бірінің мамандығы бухгалтер, бірақ оның жұмыс өтілі аз

240 0

Бүгін "Сапаржай" автовокзалы ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бұл биыл өткізіліп отырған осындай үшінші шара. Сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жұмыссыз жүрген астаналықтар әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта даярлаудан өту және жаңа мамандықты меңгеру туралы ақпарат алды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Олжас Омардың айтуынша, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін автовокзалда өткізудің өзіндік мәні бар.

– Авто- және теміржол вокзалдары аумағында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жүреді. Ол пәтерлерді жалға берумен, жүк тасумен айналысады, жолаушы тасымалдау қызметтерін ұсынады және т.б. Бұл оларға ұнайтын да шығар, бірақ біздің мақсатымыз оларды жұмыспен нәтижелi қамтылуға тарту, берекелі болашаққа қол жеткізу үшін зейнетақы аударымдарын жасау қажеттілігін түсіндіру. Сондай-ақ, балама жұмыс орындарын ұсынамыз. Жұмыспен қамту орталығына хабарласуға олардың уақыты болмаған шығар, ал мұнда аз ғана уақыттың ішінде ондаған жұмыс берушімен кездесіп, түйіндемелерін қалдырады, алдын ала әңгімелесуден өтеді, – деді Олжас Омар.

Шара барысында 20 жуық жұмыс беруші қызмет көрсету саласы, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктер, ішкі істер органдарынан бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос орындар жәрмеңкесіне өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан басқа, вокзал қызметкерлері мен басқа да қала тұрғындары қатысты.

– Мен автовокзалда сантехник болып істеймін, бірақ басқа ұйымдарда бос орын бар ма екенін сұрадым, олардың қандай талаптар қоятындарын білдім. Екі жерге түйіндеме қалдырдым. Кешкі уақытта немесе демалыс күндері қосымша қаржы табатын жұмыс табылып қалар, – дейді Ғабдул Құлынтаев.

Жәрмеңкеге келгендердің бірінің мамандығы бухгалтер, бірақ оның жұмыс өтілі аз. Сол үшін ол төрт жылдан бері жұмысқа орналаса алмай жүр.

– Бос орындар жәрмеңкесі туралы кездейсоқ естідім. Сөйтіп, бағымды сынап көрейін дедім, "Цесна-Астық" ЖШС түйіндемемді қалдырдым, оларға тауартанушы керек екен, менің бұл орынға лайықты екенімді айтты, – деді қала тұрғыны.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу туралы азаматтардың сұрақтары бойынша қайта даярлау және жаңа мамандықты меңгеру мүмкіндіктері туралы кеңес берді, жастар практикасынан өту, халықтың нысаналы топтағы тұлғаларына әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға болатыны туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Астана қалалық Прокуратура және Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлері азаматтардын еңбек саласында конституциялық құқықтарын қорғауға арналған «Ашық есік күнін» өткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!