Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі

Фотография - Астанада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 20 астам түрі ұсынылады

184 0

Елордада 22 сәуірде Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облысының жақын аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу маусымы басталады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ертеңнен бастап әр демалыс сайын елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Жәрмеңке 22 сәуір мен 8 қараша аралығында апта сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін "Думан" ОСО (автотұрақ) алдында өткізіледі.

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының 20 астам түрі ұсынылады. Атап айтқанда, картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!