Елордада жалпы қалалық сенбілік өтіп жатыр

Фотография - Елордада жалпы қалалық сенбілік өтіп жатыр

Сенбілікке Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысып, ҚР Ұлттық музейі аумағында сібір шыршасын отырғызды

161 0

Бүгін Астанада қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық айлық аясында "Таза қала – бақытты қала!" жалпықалалық сенбілігі өтіп жатыр, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілікке Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысып, ҚР Ұлттық музейі аумағында сібір шыршасын отырғызды.

Фото -

"Елорда тұрғындарының қалаға қамқорлығы артып, оның келбетіненемқұрайлы қарамайтындары қуантады",- деді әкім.

"Сенбіліктің эстетикалық әсері бірден байқалады. Іс-шараның мақсаты – адамгершілік тәрбиелік сипаты",- деп атап өтті Ә. Жақсыбеков.

Жалпы, сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады, соның ішінде 4000 жуық кәсіпорын мен ұйым, 200 астам денсаулық сақтау және білім мекемесі, 130 артық мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар бар.Қалалық коммуналдық қызметтерден 885 жуық техника бірлігі тартылған.

Көптеген кәсіпкерлер, ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, елорда тұрғындары сенбілік өткенге дейін қаланы көгалдандыруға қатысуға ниет білдірді.

Ағаш отырғызуға қатысушылардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен (күрек, тырнауыш, зембіл) және жұмыс қолғаптарымен қамтамасыз етіледі. Қаланың коммуналдық қызметтері көгалдандыру нысандарында көшеттерді, көшет отырғызатын орындарды алдын ала дайындап, инерттік материалды (құнарлы топырақ, құм, қарашірік) жеткілікті көлемде жеткізді.

Жалпықалалық сенбілік аясында 16000 ағаш отырғызылмақ. Соның ішінде 2,5 мыңға жуық ірі ағаш көшеттері (қызыл тал, татар үйеңкісі, қарағай, шырша, қайың, емен, пирамидалы терек, шетен және т.б.) егіледі. Үш ауданда 13 661 көшет (терек, тал, мойыл, шегіршін, шетен, долана, арша, ұсақ жапырақты жөке, балқарағай, бадам және т.б.) отырғызылады, соның ішінде "Алматы" ауданы бойынша – 7 261, "Есіл" ауданы бойынша – 4 400, "Сарыарқа" ауданы бойынша 2000 бірлік көшет егіледі.

"Алматы" ауданында Нәжімеденов көшесінде "Ұлттық музей" ауданында - 562 ағаш, Ақыртас көшесінде - 330 ағаш, Ш. Уәлиханов көшесінде - 100 ағаш және Ғабдуллин көшесінде - 94 ағаш; "Есіл" ауданында – "Әскери қалашық" т.а. 1 200 ағаш, Орынбор көшесінде - 800 ағаш, Қорғалжын тасжолында - 150 астам ағаш; "Сарыарқа" ауданында – Тілендиев даңғылында, "Рахмет" СҮ аумағында 260 ағаш отырғызылады.

Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерін тарта отырып, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арналары қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылады.

Айта кетейік, қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық айлық 18- сәуірден 18 -мамырға дейін өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!