Астаналық жастар мен ардагерлер 200 жуық ағаш отырғызды

Фотография - Астаналық жастар мен ардагерлер 200 жуық ағаш отырғызды

Шараға 10 ардагер мен 48 оқушы қатысты

119 0

Бүгін жалпықалалық сенблік аясында Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері мен оқушылар қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Олар Қорғалжын тас жолының бойында 200 жуық көшет отырғызды, деп хабарлады Астана қаласы әкіммдігінің ресми сайты.

- Жасы мен жағдайына қарамастан өз қаласына қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы, сондықтан біз жолдастарымызбен бірге қаланы көгалдандыруға, оны көркейтуге атсалысу үшін осында келдік. Астана – керемет гүлденген қала, оны мақтан етіп, күтіп ұстауымыз керек, - деді социалистік еңбек ері Леонид Картаузов.

Ардагердің пікірінше, өскелең ұрпақтың қандай болып өсетіні ересектерге байланысты, сондықтан балаларға жақсы үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйретіп, еңбекке баулу керек.

Фото -

Өз кезегінде қалалық мектеп оқушылары ағаш отырғызуға, аумақты тазартуға қатысып, ардагерлердің әңгімелерін тыңдады, олармен өздерінің болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

- Біздің №69 мектепте сенбіліктер жиі өткізіледі, оған қуана қатысамыз. Ал бүгін ҰОС ардагерлерімен кездесіп, уақытты тиімді өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Әрине, оларға көмектесіп, бәрін өзіміз істеуге тырыстық, ал ардагерлер бізге қызықты әңгімелерін айтып берді, - дейді Гүлсезім Хасен.

Шараға 10 ардагер мен 48 оқушы қатысты.

Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікке 100 000 астам адам шықты, қала бойынша 16 000 ағаш отырғызу жоспарланған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!