"Өрмекші адам" Ален Робер Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықты

Фотография - "Өрмекші адам" Ален Робер Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықты

Фото: ©Роман Суханов

Француз скалолазының өрмелеуін көруге екі мыңға жуық адам келген.

391 0

Әлемге «өрмекші адам» атымен жақсы таныс, есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген Ален Робер Алматыдағы ең биік Esentai Tower ғимаратына өрмелеп шықты. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Биіктігі 168 метр болатын ғимаратқа Ален Робер мыңдаған алматылықтар мен қала қонақтарының көз алдында бір сағатта ара-арасында демалып, тіпті, көз ұшындағы көрермендермен сельфи жасай отырып шықты. Қабырғасы шыныдан қаланған ғимартқа 53 жастағы француз спортшысы альпинистік құралдарды пайдаланды. Өзіне қанша сенімді болса да, шоуды ұйымдастырушылардың талабымен Ален бұл жолы қауіпсіздік белдігін пайдаланды.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Өрмекші адам" алдағы уақытта Қытайдағы, Ұлыбританиядағы, Франциядағы ең биік ғимараттарды бағындырмақ ойда. Бұған дейін ол дүниежүзі елдеріндегі барлығы 70-ке жуық биік ғимаратты  бағындырған. Олардың ішінде IBM бас ғимараты, Hilton, Framatome, Куала-Лумпурдағы Петронас мұнарасы, Барселонадағы Торре агбар, Мəскеудегі Мәскеу мемлекеттік университеті бар. Дубайдағы 828 метрлік "Бурдж Халифаға" Ален 6 сағатта шыққан.

Ален Робер қазіргі заманда әлемге аса танымал болған Қытайдың Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологияға бейімделген компаниясының спорттық киімін киіп, компания туын Esentai Tower-дің төбесіне тікті.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!