"Алматы V марафонына" 13 мыңға жуық адам қатысты

Фотография - "Алматы V марафонына" 13 мыңға жуық адам қатысты

Әл-Фараби даңғылындағы жаяу жарысқа қала тұрғындары, халыққа танымал тұлғалар, спорт және өнер жұлдыздары да қатысты.

207 0

Бүгін таңертең сағат 08:30-да Тұңғыш Президент саябағында қала әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп ашып, өзі жүгіруді бастап берген марафон мәреге жетуге жақын. Жарыс ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда марафонға 13 мыңға жуық адам қатысуда. Қала әкімі атап көрсеткендей, халықаралық дәрежеге жеткен марафонға атсалысушылардың саны қалада өткен соңғы жарыспен салыстырғанда 2 есеге өскен. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Әл-Фараби даңғылындағы жаяу жарысқа қала тұрғындары, халыққа танымал тұлғалар, спорт және өнер жұлдыздары да қатысты. Олардың қатарынан әлемдік атағы бар танымал велоспортшы Александр Винокуровты, әнші Қайрат Нұртасты, режиссер Нұртас Адамбаевты, банкир Болат Жәмішевті көруге болады.

Маңызды да аумақты шараның жоспарланғандай өтуіне әдеттегідей Алматы қаласының ішкі істер департаментінің қызметкерлері тиянақты қызмет көрсетіп, атсалысты.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

"Биыл қаламызда мерейтойлық бесінші рет өтіп отырған шараға департамент басшылығы да қайырымдылық ниетпен қатысуға ниет білдірді. Спорттық шарадағы қауіпсіздік пен жол қозғалысын қадағалау қызметі полицейлердің мойнында болғандықтан да, бір бөлімшенің қызметкерлері өз міндеттерін атқарумен бірге жарысқа қатысуда. Жалпы, Алматы горнизоны спорттық мәдени бұқаралық шаралардан ешуақытта шет қалған емес. Алматы полицейлері осымен екінші рет марафонға спорттық үлгіде қатысып отыр", – дейді қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі полиция майоры Салтанат Әзірбек.

Жарыстың алғы шарты қайырымдылық шарасын жасау болғандықтан, марафонға қатысушылар 2 мың мен 4 мың теңге аралығында жарналық ақша төледі. Жиналған қаражат қаладағы АРДИ балаларды сауықтыру орталығының шотына түседі.

Марафон Орталық стадионда аяқталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!