Елордалық полиция автопаркі отандық көліктермен толықты

Фотография - Елордалық полиция автопаркі отандық көліктермен толықты

Полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған.

86 0

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елордалық Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту аясында Астана ІІД жергілікті полиция қызметіне Қазақстанда құрастырылған Peugeot 301 маркалы 35 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

"Астанада әлемдік деңгейдегі қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық шаралар көп өтетіндіктен, елордалық полицейлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан олар елордалық жоғары мәртебеге сай болып, барлық көрсеткіш бойынша өзгелерге үлгі көрсетуі тиіс", - деді Ә.Жақсыбеков.

Өз кезегінде, Астана ІІД басшысы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров тәртіп сақшыларының, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмек көрсеткені үшін қалалық әкімдікке алғысын білдіріп, елордалық полицейлердің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді және заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірді.

Полицейлік автокөліктердің қатарын толықтырған автомобильдер елімізде құрастырылған. Барлық көлік ІІО мәліметтер базасына енуге мүмкіндігі бар борттық компьютерлермен жабдықталған. Сонымен қатар, көліктерге қалалық телефон байланыс қызметі бар заманауи жаңа радиостанциялар, сондай-ақ, жедел кезекшілерге заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету бойынша полиция жасақтарын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін GPS спутниктік жүйесі орнатылған.

Заң бұзушылықтардың алдын алуға қатысты қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында әкімдік қала аумағында қосымша полиция пунктерін ашу үшін орынжайлар бөліп жатыр.

Астана әкімдігі қалалық полицейлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға да ерекше назар аударады. Ильинка кентінде жергілікті полиция қызметкерлеріне үйлер берілді. Көп балалы және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар санатына жататын, сонымен қатар ІІБ 10 жылдан астам уақыт бойы қызмет еткен, сондай-ақ, қызметінде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері жаңа баспанаға ие болды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша өзінің "100 нақты қадам" бағдарламасында полицейлердің жұмысын жаңа сапалы деңгейге шығаратын бірқатар басты міндетті атап көрсетті. Ұлт жоспарының екінші бағыты "Заң үстемдігін қамтамасыз ету" аясында биыл 1 қаңтардан бастап Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін Жергілікті полиция қызметі құрылды. Оның басты міндеті қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!