ШҚО-да денсаулық сақтау саласында 19 портал мен 6 ақпараттық жүйе іске қосылған

Фотография - ШҚО-да денсаулық сақтау саласында 19 портал мен 6 ақпараттық жүйе іске қосылған

Онда бірінші кезекте аяғы ауыр аналар мен дүниеге енді келген нәрестелер жайлы мәліметтер енгізілуде

342 0

Өңірдің барлық аудандық және шалғайдағы ауыл емханалары бірыңғай электрондық порталға қосылып, онда бірінші кезекте аяғы ауыр аналар мен дүниеге енді келген нәрестелер жайлы мәліметтер енгізілуде. Аталған портал ана мен балаға көрсетілген жәрдемді бақылап, әртүрлі қауіп қатердің, өлім оқиғаларының алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығынан.

 Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың қатысуымен өткен Ана мен бала өлімдерінің көрсеткіштерін азайту жөніндегі аймақтық штаб отырысы барысында белгілі болғандай, қазіргі таңда аймақ бойынша денсаулық сақтау саласында 19 портал және 6 ақпараттық жүйе жұмыс жасап тұр.

"Облыстың шалғайдағы ауыл-аймақтарында ғаламтор желісінің жылдамдығы төмен болды деп, электрондық порталға тіркеу жүргізбеуге болмайды. Сондықтан "Қазақтелеком" АҚ филиалдарымен байланысқа шығып, жұмыс жасауға қолайлы жайт туғызу керек", – деді ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!