GPS-трекерлерінің мал ұрлығына қарсы пайдасы үлкен

Фотография - GPS-трекерлерінің мал ұрлығына қарсы пайдасы үлкен

Мәліметтер ұялы байланыс желісі арқылы мал иесінің компьютеріне немесе ұялы телефонына түсіп отырады

346 0

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының іске асырылу барысында бірқатар игі іс-шаралар атқарылуда. Соған сәйкес ауыл басындағы азаматтарымыздың бірі мемлекеттік түрлі бағдарламалар арқылы жеке ауыл шаруашылық мәселесін көтерсе, бірі мал шаруашылығын жаңғыртуда, деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.

25 сәуір күні қаладағы ауылшаруашылық басқармасында "Батыс Қазақстан облысында жылқылар үйірлерінің орын ауыстыру және болу орнын мониторингілеу" аппараттық-бағдарламалық кешенге дайындау" тақырыбында семинар-кеңесі болып өтті. Кеңеске Санк-Петербург қаласындағы орталық байланыс ғылыми зерттеу институты филиалы директорының міндетін атқарушы Ефимов Вячеслав Викторович, Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруышылық басқармасының басшысы Оңғарбеков Марат Кенжетайұлы және БҚО ІІД жергілікті полиция қыметінің басшысы полиция полковнигі Ғабдуллин Манарбек Серікқалиұлы, сондай-ақ, әр ауданнан мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық иелері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиналыс барысында облыс аумағында белең алып отырған мал ұрлығы қылмысына тоқталып өткен жергілікті полиция қызметінің басшысы бірқатар статистикалық мәліметтерге сүйенді:

"Есептік кезең ішінде облыс аумағында 3 593 қылмыс тіркелді. Бұл былтырғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,0%-ға артып отыр. Жалпы қылмыстың құрылымы бойынша жартысынан көбі бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы болса, 70,5% -ы облыс орталығында тіркелген қылмыстар. Талдау нәтижесі бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының үштен бірі ұялы телефондарды ұрлау, 13,1% -ы пәтер ұрлығы және 6,8% -ы мал ұрлығы қылмысы. Облыс тұрғындарының 662 бас малы (125- ірі қара мал, 227 жылқы бас малы және 310 қой) ұрланды, оның 370 бас малы иелеріне қайтарылды (25 ірі қара, 111 жылқы, 234 қой). Айта кету керек, 127 мал ұрлығының 82 жағдайында мал еркін жайылыстан ұрланса, ауыршаруашылық қоралар мен аулалардан мал ұрлаудың 45 фактісі тіркелді", - деді Манарбек Серікқалиұлы, - "Осығай орай, мал ұрлығы, мал жоғалу фактілерінің алдын алу және ашу, сондай-ақ, мал басының сақталуын қамтамасыз ету, еркін жайылыстағы малдың көшуін бақылау, олардың шекаралас Ресей Федерациясының аумағына шығып кетуін болдырмау мақсатында ірі қара мал және жылқы өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық иелерінің GPS-треккер алуы және онымен мал басын қамтамасыз ету; ірі және ұсақ малға таңба мен ен салуды ұйымдастыру; меншік иелерін, жұртшылықты және бақташыларды жұмыспен қамту орталығынан жалдау арқылы облыс аудандарында орталықтандырылған мал бағуды ұйымдастыру мәселелерін алға қойды".

GPS-трекерлерді дайындаумен айналысатын институт өкілі арнайы бейне-слайд арқылы құрылғыға ерекше сипат бере отырып, қатысушылардың ұсыныстарын назарға алатынын ескертті. "GPS-трекерлер – малдың жүрген бағытын анықтауға арналған заманауи құрылғы. Ол малдың мойнына тағылатын қарғыға оңай бекітіліп, GPS спутникті дабыл арқылы малдың жүрген жерін анықтауға болады. Аталған мәліметтер ұялы байланыс желісі арқылы мал иесінің компьютеріне немесе ұялы телефонына түсіп отырады", -деп түсіндірді зерттеу институтының өкілі Вячеслав Ефимов мырза.

Бұл құрылғының ауыл шаруашылығында шынымен қажеттілігін білдірген ауылшаруашылық басқармасының басшысы Марат Кенжетайұлы шаруашылық иелерінің пікірлерін біліп, ұсыныстарын ескеруін өтінді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!