Бас мүфти "Астана асары" қайырымдылық акциясына қатысты

Фотография - Бас мүфти "Астана асары" қайырымдылық акциясына қатысты

"Зекет" қорының қолдауымен 14 тонна азық-түлік, тұрмыстық заттар, ең қажетті бұйымдар жиналды

312 0

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы "Астана асары" қайырымдылық акциясы бойынша жиналған заттай көмекті тасқын судан зардап шеккен Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданының тұрғындарына жөнелту шарасына қатысып, журналистерге сұхбат берді, деп хабарлады ҚМДБ Баспасөз қызметінен.

"Діни басқарманың басты төрт бағытының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Кімде-кім мұқтаждың бұл дүниедегі уайым-қайғысын сейілтсе, Алла Тағала оның қияметтегі бір уайымын сейілтеді», – деген. Бүгін қайырымдылық шарасына Астана бойынша мешіттерімізден, қайырымды жандардың үлес қосуымен, "Зекет" қорының қолдауымен 14 тонна азық-түлік, тұрмыстық заттар, ең қажетті бұйымдар жиналды. Жалпы жиналған қаражат көлемі 3 млн. теңге", – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетейік, өткен жылы ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 1Қайырымдылық керуені1 акциясы аясында 110 тоннаға жуық тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік жеткізілген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!