Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Фотография - Елордада Еске алу аллеясы ашылды

Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты

231 0

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында № 60 мектеп-лицейі аумағында Еске алу аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп оқушылары ардагерлермен бірге жас қарағайлар отырғызып, әр ардагер туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты шараға Сарыарқа ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сиқымбай Мамыров, Жапаш Кашеков, Василий Макаров, Сейітжан Есілов, Алексей Фролов, Михаил Кочетков, Екатерина Плужникова қатысты. Оқушылар Жеңіс күніне арналған әндер орындады.

Ардагерлер балалармен бірге жас көшеттер отырғызып, соғыс ардагерлері туралы ақпараттық тақтайшалар орнатты. Әр ағашты бағып күтетін оқушылар белгіленді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!