Нұлан Әлімжанов: Маған орысша сөйлеу – үлкен стресс

Фотография - Нұлан Әлімжанов: Маған орысша сөйлеу – үлкен стресс

Әнші, актердің бұл әрекетін көрермендері түрліше бағалады. Бірі – ұлтшылдық десе, енді бірі "Өтінбе, Нұрлан!" деп қолдау білдірген.

378 0

Әнші әрі актер Нұрлан Әлімжан журналиске орыс тілінде сұхбат беруден бас тартып, мұның күйзеліске түсіретіндігін айтқан. 

Елбасының рөлін сомдап, халықтың жүрегін жаулаған актер орыстілді журналистің өтінішінен бас тартқан. Журналист сұхбатты алдымен қазақ тілінде алып, артынша айтқан сөздерін орыс тілінде айтып беруді өтінген. Алайда Нұрлан Әлімжан орыс тілінде сұхбаттасуға қиналатынын айтып, журналистің өтінішін орындай алмаған.
Орыстілді журналист Жәнібек Садықовтың айтуынша, диалог келесідегідей жүзеге асқан:
– Қазақша айтқаныңызды орысша айтып беріңізші! – дедім.
– Өтінемін, аудара салыңыз! Маған әрдайым орысша сөйлеу – үлкен стресс! – Нұрлан Әлімжановтың жауабы.
Әншінің бұл әрекетін көрермендері түрліше бағалады. Бірі – ұлтшылдық десе, енді бірі "Өтінбе, Нұрлан!" деп қолдау білдірген.

    stan.kz



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!