Шымкентте халықаралық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады

Фотография - Шымкентте  халықаралық инвестициялық форумы өз жұмысын бастады

Көрменің ашылу салтанатына өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түркияның экономика вице-министрі Фатих Метин қатысты

181 0

Бүгін Шымкентте "Ontustik Invest-2016" атты халықаралық инвестициялық форум басталып, соның аясында оңтүстікқазақстандық тауарөндірушілерінің көрмесі ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Көрменің ашылу салтанатына өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов, Түркияның экономика вице-министрі Фатих Метин қатысты.

Фото -

Аталған жиында сөз алған облыс әкімі барша қатысушыларға алғысын білдіріп, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысы бизнеске қолайлы аймақ екенін айтқан Фатих Метин бүгінгі өткізіліп жатқан халықаралық форумның маңыздылығын жеткізді. 

Көрмеге, өңіріміздегі өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында өнім өндіретін, 60-тан астам тауар өндірушілері қатысуда.


Онда ұсынылған өнімдердің басым бөлігі индустриалдандыру бағдарламасының бірінші бес жылдығы шеңберінде іске қосылған зауыттарда өндіріледі. 

Соңғы бес жылда облыста 164 жоба жүзеге асты. Бұл республикадағы индустриалдандыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған жобалардың әрбір бесінші жобасы болып табылады.

Бұдан бөлек, көрмеде әлеуетті инвесторларға арналған 50-ге жуық инвестициялық жобалар ұсынылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!