Батырхан Шүкеновтің әйелі күнін көре алмай отырғанын айтып, мұңын шақты

Фотография - Батырхан Шүкеновтің әйелі күнін көре алмай отырғанын айтып, мұңын шақты

Екатерина Шелякова 14 жастағы ұлы Мақсұтпен далада қалғанын мәлімдеді.

450 0

Марқұм Батырхан Шүкеновтің әйелі Екатерина Шелякова 14 жастағы ұлы Мақсұтпен далада қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы nur.kz порталы dni.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, Шүкеновтің АҚШ-тағы ұлы үшін салып бастаған үйін несиесі төленбей қалғаннан кейін тартып алған. Ал әншінің мәйіті табылған Мәскеудегі бір бөлмелі пәтер жалға алынған екен.

Подмосковьеде әншінің жері бар деген әңгіме де жалған. Шүкеновтің жары үшін жалғыз үміт - әншінің авторлық ақысына күн көру. Екатерина Батырханның анасы интеллектуалдық мүлікке құқықтың жартысынан бас тартуға дайын екенін, алайда нотариуста қажетті құжатқа әлі күнге дейін қол қойылмағанын алға тартты.

Шелякова Шүкеновтің отбасы оның заңгерімен кездесуге асықпайтынына шағымданды.

"Соның салдарынан біз ресейлік авторлық қоғам мен ресейлік құқық иелері одағынан ақша ала алмай отырмыз. Ол жерге мұраға құқымыз бар екенін растайтын құжат алып бару керек", - дейді Екатерина.

Ол әнші Валерий Меладзеге алғыс білдірді.

"Валераға алғысым шексіз. Ол қашан да бізге хабарласуға уақыт табады. Батырдың досы Қанат Үскенов те жақсы көмектеседі", - дейді Екатерина.

Әншінің қазасынан кейін Екатерина Флоридадағы үй үшін құрылыс компаниясымен соттасқан.

"Батыр несиенің тек 160 мың долларын төлеп үлгерді. Ал қалған 460 мың доллар Катяның мойнына ілінді. Ол ондай ақша таба алмады, жер мен коттеджді тартып алды. Әйтеуір сот арқылы құйылған қаражаттың жартысын қайтара алды", - дейді әртістің жақын досы Олжас Байқанов.

2015 жылдың жазында Қазақстанда Батырхан Шүкеновтің атындағы қор құрылып, Астана мен Мәскеуде қайырымдылық концерттері де ұйымдастырылған болатын.

StarHit басылымына берген сұхбатында Екатерина концертке қатысқан қазақстандық және ресейлік әртістерге алғысын білдірді.

"Енді біз өзімізге жаңа бұрыш таба аламыз. "Пусть говорят" бағдараламасына да рахмет, олардың хабарынан кейін қорға қаражат түсе бастады", – дейді Шелякова.

Екатерина мамырдың басында құрбысының пәтерінен жаңа үйге көшуге үмітті. Ол Батырханның қазасын өзі де, ұлы да ауыр қабылдағанын айтуда.

Еске салсақ, Батырхан Шүкенов 2015 жылдың 28 сәуірінде Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!