Астанада жұмыссыздар жол жөндеуге жұмылдырылады

Фотография - Астанада жұмыссыздар жол жөндеуге жұмылдырылады

Жөндеу жұмыстарына Астананың барлығы 137 жұмыссыз тұрғынын тарту көзделген.

344 0

Астана жолдарын жөндеуге елорданың жұмыссыз тұрғындары жұмылдырылады, деп мәлім етті Қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы. Атап айтқанда, Иманбаева, Мұстафин, Отырар, Нажимеденов көшелері мен Абылай хан даңғылына жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Жөндеу жұмыстарына Астананың барлығы 137 жұмыссыз тұрғынын тарту көзделген. "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасын іске асыру аясында биыл аталған көшелерге орташа жол жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден 800 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығының" баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап өтейік, "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы шеңберінде биыл Астанада жұмыссыздардың күшімен балабақша, мектеп, аурухана секілді 55 әлеуметтік нысан жөндеуден өтеді.  Барлығы  жаңадан 1 133 жұмыс орны ашылып, оның 50%-ын Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз тұрғындар иеленетін болады. 






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!