Шетелдік БАҚ: Қазақстан - ерлері әйелдеріне ескілік көзқараспен қарайтын мекен

Фотография - Шетелдік БАҚ: Қазақстан - ерлері әйелдеріне ескілік көзқараспен қарайтын мекен

Қазақстандық Әсел Баяндарова Facebook желісіндегі жазбасымен флешмоб бастаған болатын.

703 0

Танымал британдық басылым Daily Mail Қазақстанды "ерлері әйелдеріне ескілік көзқараспен қарайтын мекен" деп атады. Бұл туралы nur.kz порталы хабарлайды.

Британдық басылым бұл мақаланы Баяндаровның атышулы жазбасынан кейін жария еткен.

"Олар елдің ауылдық мекенінде секске қарым-қатынас ескіргеніне шағымданып отыр. Дәл осы патриархалдық қарым-қатынасты 2006 жылы Саша Барон Коэн "Борат" фильмінде көрсеткен. Қазақстандық Әсел Баяндарова Facebook желісіндегі жазбасымен флешмоб бастап, өз қоғамының әйелдерге жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салуына қарсы шықты", - деп жазған басылым.

Шетелдік БАҚ Қазақстанды "ерлері әйелдеріне ескілік көзқараспен қарайтын мекен" деп атады

Басылымның айтуынша, бұл жазбадан кейін елімізде сексуалды революция бастауға ынтыққан жастар көбейген. Daily Mail елімізді дүрліктірген "секске салық салу" мәселесіне де мақаласында тоқталып өткен.

"Өткен жылы Қазақстан мұсылмандар одағының көшбасшысы Мұрат Телібеков елде секске салық салуды ұсынды. Салықтың көлемі ерлі-зайыптылардың қандай секс түрімен және кіммен айналысатынына байланысты өзгеріп отырады", - деп жазған Daily Mail.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!