Қалалық мәслихатта вело инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Фотография - Қалалық мәслихатта вело инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Астанада велосипед қозғалысын ұйымдастыру үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бес жылдық даму жоспары әірленіп, бекітілді

94 0

Қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында экологиялық инфрақұрылым, соның ішінде воложолдар салу мәселелері талқыланды. Велосипед инфрақұрылымын дамыту қаланың экологиялық жағдайының деңгейіне ықпал етеді, сондықтан елордада велосипедпен жүретіндер санының артуы қуантарлық жайт, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада велосипед қозғалысын ұйымдастыру үшін Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бес жылдық даму жоспары әірленіп, бекітілді. Аталған жоспар аясында веложолдар салынып, прокат пункттері ашылады және т.б.  

– Біз Қорғалжын тасжолынан Қарқаралы тасжолына дейін веложол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірледік, қазіргі кезде жасыл белдеу аумағының мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды, жол салуға конкурс жарияланды. Шілде айының соңына дейін жолды салып бітіп, пайдалануға беру жоспарланған, - деді Астана қаласының Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Исаев.

Мәслихат депутаттары бейберекет қоқыс тастау, үйлердің аулаларындағы қоқысты жинау, сондай-ақ, энергия үнемдегіш және құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған контейнерлердің жағдайына қатысты мәселелерді көтерді.

Астана бойынша 11 241 контейнер орнатылған, күн сайын 1000 тоннаға жуық қатты-тұрмыстық қалдық шығарылады. Сонымен қатар, аулаларға энергия үнемдегіш және құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 300 арнайы контейнер қойылған.

– Бүгінгі таңда жұмыстар тиімді жүргізілуде, адамдар шамдарға арналған контейнерлерді белсенді пайдаланып отыр. Күн сайын арнайы жабдықталған көліктермен шамдар шығарылып, пайдаға асырылады. Қоқыс үйінділеріне келсек, 18 сәуір - 18 мамыр аралығында экологиялық айлық өткізіледі, оның аясында елорданың шетінде орналасқан 40-тан астам қоқыс тастайтын орын анықталды, қазіргі кезде 25 жердегі қоқыс жиналды. Сенбілік барысында тағы да 13 учаске тазартылды. Сондай-ақ, "Астана орманы" қызметтерімен бірге рейдтер жүргізіліп, қоқыс шығаратын машиналар бақылауға алынды, - деді С.Исаев.

Жалпы алғанда, Астана қаласының экологиялық жағдайы белгіленген критерийлерге сай, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалған. Таза ауада демалу үшін қалада жалпы ауданы 400 гектарға жуық 9 парк, ауданы 30 гектарды құрайтын 4 желек пен ауданы 132 гектар болатын 90 саябақ бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!