Прокурорлар Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіруге кірісті

Фотография - Прокурорлар Жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіруге кірісті

1 шілдеден бастап өткізілетін аукциондарға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.

768 0

Оңтүстік Қазақстан облысында прокурорлар Жер туралы Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіре бастады.

Халқы ең тығыз орналасқан Сайрам ауданының прокуроры бұл жолы Қарасу ауылдық округінде болып, Жер кодексінде ашықтық пен жариялылық болатынын жеткізді. Құзырлы орган өкілдері заңдағы өзгерістерді ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларға жасалған жеңілдік деп есептейді. Өйткені 1 шілдеден бастап өткізілетін аукциондарға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады.

"Бірқатар жеңілдік бар. Біріншіден, шаруаларға жалда жүрген ауылшаруашылық жерлерін жекеменшікке аударуға құқық беріледі. Екіншіден, аукционнан сатып алғаннан кейін, мысалы, әртүрлі жағдайлармен қаржысы жетпей қалса, 50 пайызын төлеп, қалғанын тиісті хаттама түзіп, 10 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік береді", - дейді Сайрам ауданының прокуроры Оразәлі Әбдіраманов.

Бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған Аманжол Дәрменов зейнеткерлікке шыққан соң түбегейлі ауыл шаруашылығына ден қойған. Қазір ол омарташылықпен айналысады. Ағылшын пәнінің мұғалімі 1,5 гектар жерге жоңышқа, мақсары мен бидай еккен.

"Егесі болған жағдайда ғана жердің қадірі артады. Жерді ұстай білу, ұқсата білу, тыңайта білу топырақ құнарын жақсарта береді. Жер алуды көздеп отырған жоқпын деп айта алмаймын. Менің бала-шағамның алдағы уақытта сонымен шұғылдануға мүмкіндігі болады. Қарапайым адам ала алады. Өйткені ол – Қазақстанның азаматы, қазіргі заңда солай", -дейді  шаруа Аманжол Дәрменов.

24.kz 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!