Нұртас Адамбай Алматыдағы зообақты жауып тастауды ұсынды

Фотография - Нұртас Адамбай Алматыдағы зообақты жауып тастауды ұсынды

Зообақ орнына ол заманауи вольерлі қорық жасауды ұсынды

680 0

Қазақстандық белгілі комедиялық актер, режиссер, продюсер Нұртас Адамбай өзінің Facebook парақшасында қажетті күтім жоқтығынан қырылып жатқан алматылық зообақты жауып тастауды ұсынды, деп жазады Today.kz.

"Маған салса, келесідей жасар едім: алматылық зообақты жауып, оның орнына МЕМЛЕКТТІК демалыс бағын салар едім; барлық жануарларды заманауи вольерлі зообақтарға және әлем қорықтарына берер едім; қаладан тыс (жер деген бізде жетерлік) жануарлар табиғи ортада өмір сүре алатындай қазақстандық дұрыс қорық жасар едім. Жануарларға адамша қарау керек", - дейді шоумен және оның пікірін көптеген бейжай отыра алмайтын қазақстандықтар қолдайтындығын айта кетті.

"Олардың бірімен жақында телефон арқылы осы тақырып жайында сөйлестім де, міне осыны жазайын деп шештім", - деп айта кетті Адамбай.

Алматы зообағындағы жануарлардың өлуі қоғамда үлкен дау тудырды. Қазақстандықтардың ойынша ол жерде жануарларға қажетті күтім жасалмайды. Зообақта Құралай атты ұрғашы жолбарыс өлім үстінде. Адамдар оны емдеуге қаржы жинауды ұсынды. "Социальный фонд помощи Алматинскому зоопарку" қамқоршылық кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов жолбарысты емдеу үшін мәскеулік зообақтың бас ветеринарына Алматыға келіп, жануарларды қарап беруін өтінді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!