Астанада республикалық әкелер слеті өтеді

Фотография - Астанада республикалық әкелер слеті өтеді

Оқушылар сарайында өтетін шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды

332 0

Ағымдағы жылы қазан айында елордада "25 игі іс" шарасы аясында республикалық әкелер слеті ұйымдастырылады, деп хабарлайды Baq.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Оқушылар сарайында өтетін шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты - отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастырудағы әкенің рөлін жоғарылату.  Осыған орай, №3 балаларға арналған музыкалық мектепте, №2 өнер мектебінде және Астана қаласы техникалық шығармашылық орталығында "Менің дарынды әкем" байқауы, "Мен және менің әкем" видеороликтер байқауы, "Арманымдағы үй" макеттер байқауы өтті. Сәуірдің  9-ы күні мектепішілік әкелер слеті ұйымдастырылды. Оған 5000 бала мен әке қатысты. 29 сәуірде №78 мектебінде "Аталар мұрасы - халық қазынасы" қалалық әкелер слетінің аудандық кезеңі, №15 мектепте "Сарыарқа" ауданындағы әкелер жиыны өтті. Сондай-ақ №16 мектепте "Алматы" ауданындағы слетке қатысқан әкелер балаларын жалғыз асырап отырған әкелерді қолдау бойынша қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады. 

14 мамырда №59 мектеп-лицейінде әкелердің қалалық слеті өтеді. Ал қазан айында республикалық әкелер слеті ұйымдастырылады.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!